2016 жылдың 25 мамырында "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

23.05.17 15:00
/KASE, 23.05.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2017 жылдың 25 мамырында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы, келесідей күн тәртібінде, болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: 1) компанияның 2016 жылға жылдық қаржылық және шоғырландырылған есептілігін бекіту туралы; 2) компанияның 2016 жылға таза табысын бөлу, өткен жылдардағы бөлінбеген табысын бөлу тәртібін бекіту туралы және жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және бір жай акцияға төленетін дивиденд көлемін бекіту туралы шешім қабылдау; 3) компанияның Директорлар кеңесінің 2016 жылға атқарған жұмысы туралы жылдық есебін бекіту; 4) компания акционерлерінің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінулері туралы; 5) компанияның есептеу комиссиясының мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және оның жаңа мүшелерін сайлау туралы. Аталмыш жиналыс: Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 19 , Б блогы, 3-ші қабат, мәжіліс-залы. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуышылардың тізімі 2017 жылдың 10 мамырындағы жағдай бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2017 жылдың 26 мамырында жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер материалдарымен 2016 жылдың 07 қазанынан бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін: Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 19 , Е блогы, 0512-ші кабинет, Б Блогы, 101 кабинетінде, сондай-ақ компанияның корпоративтік интернет-сайтында www.kaztransoil.kz танысуға болады. Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_sobr_230517.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-05-23]