"Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ акционерлерінің 2017 жылдың 26 маусымында жылдық жалпы жиналысы өтеді

24.05.17 17:48
/KASE, 24.05.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ (Оңтүстік Қазақстан обл., одан әрі – компания), биржаға (KASE), 2017 жылдың 26 маусымында сағат 11.00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: 1) компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту; 2) компанияның 2016 жылға таза табысын бөлу, өткен жылдардағы бөлінбеген табысын бөлу тәртібін бекіту туралы және жай акциялар бойынша дивиденд төлеу ; 3) компания акционерлерінің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінулері туралы; Аталмыш жиналыс: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ, Еңбекші ауданы, Жұлдыз ш/а,, Гагарин көшесі, 27/10 мекен-жайында болып өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушылардың тізімі 2017 жылдың 25 мамырындағы жағдайы бойынша жасалды. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2017 жылдың 27 маусымында өтеді. [2017-05-24]