АНОНС: 2017 ЖЫЛДЫҢ 26 МАМЫРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ЭМИТЕНТ КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА "ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АҚ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

25.05.17 16:25
/KASE, 25.05.17/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) 2017 жылдың 26 мамырында Қазақстан қор биржасында "Эмитент күні" іс- шарасы аясында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) институционалды инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен кездесу өтеді. Кездесудің басталу уақыты – алматы уақытымен сағат 15:00, өтетін орны: Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК ғимараты, 8-ші қабат, KASE мәжіліс залы. Андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес ұйымы) болып табылатын "Қазақстан Даму Банкі" АҚ осы іс-шарасы теңгеге номинацияланған облигацияларын орналастыруға арналған. Сонымен қатар, кездесу барысында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ операциялық және қаржы қызметі нәтижелерін, ағымдық жобаларын және болжамдық көрсеткіштерін талқыланады. Осы іс-шараға қатысу үшін Биржа мүшелері customers@kase.kz электрондық мекен-жайына қатысушы туралы мәліметті жіберуі тиіс (аты, жөні, тегі, лауазымы, электрондық пошта мекен-жайы). Биржа 2016–2018 жылдарға Биржаның қабылдаған стратегиясына сәйкес "Эмитент күнін" өткізеді. Аталмыш іс-шараларды өткізу мақсаты Биржада сатылатын бағалы қағаздарға инвесторлардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ компания акционерлерімен кері байланыс орнату болып табылады. [2017-05-25]