Ұлттық Банк "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді

26.05.17 17:43
/KASE, 26.05.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, одан әрі - компания) бағалы қағаздарының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2017 жылдың 16 мамырындағы куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) компания акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік компания акцияларының атауы мен жарияланған акцияларының саны өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - компанияның жай жарияланған акцияларының жалпы саны KZ1C23640010 81 259 548 дана; - аталмыш акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А2364 нөмірімен енгізілді. Акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/PRKR/prkrf9_izm_160517.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-05-26]