KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOM = 310,08

29.05.17 11:39
/KASE, 29.05.2017/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. 29 мамыр АҚШ-та мейрам күні (Еске алу күні) және Қытай халық республикасында (Айдахар қайықтарының мейрамы) болғандықтан, Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юанімен құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 310,08 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 54 800 мың USD құрады. Есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+1 еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2017-05-29]