"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ" АҚ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ АЯСЫНДА АРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЖАСАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

02.06.17 12:39
/KASE, 02.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2017 жылғы 2 маусым, Алматы - Бұл ақпаратпен «Казкоммерцбанк» АҚ («Казкоммерцбанк») 2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметімен (ҚР Қаржы Министрлігінің атынан), ҚР Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ («Самұрық-Қазына»), «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ («Халық Банк»), «БТА Банк» АҚ («БТА Банк») және Қазкоммерцбанктің ірі акционері К.Х.Рақышев мырзамен (бұдан әрі- «Тараптар») Шекті Келісімге (бұдан әрі – «Келісім») қол қойғаны жөнінде хабарлайды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Рақышев мырза мен Самұрық–Қазына қоры Халық банкімен Қазкоммерцбанк акцияларының басқару пакетін сату мүмкіндігі (бұдан әрі- «Мәміле») жөнінде келіссөздер жүргізе бастаған. Осыған байланысты 2017 жылғы 2 наурызда Тараптар арасында ешқайсысын міндеттемейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға («Меморандум») қол қойылған. Бұл Келісім осы Меморандумға сәйкес жасалынып отыр және Мәмілені атқару аясында Тараптардың әрқайсысы жасауға тиіс іс-әрекеттері заңға негізделеді. Соның ішінде Келісіммен қаралатын іс-әрекеттер: (а) «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның БТА Банктің жекелеген активтері мен талап ету құқығын сатып алуы; (б) БТА Банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 трлн теңге шамасында ссудалық берешегін өтеуі; (в) алдынғы шарттар орындалған жағдайда Халық Банк келешекте Қазкоммерцбанк капиталының қажетті дәрежесін қамтамасыз ету үшін капитал құю мүмкіндігімен («Капиталдандыру») Рақышев мырзаға және Самұрық-Қазына қорына тиесілі Қазкоммерцбанктің акцияларын сатып алуы; (г) егер де қажет деп танылса, Капиталдандырудың нақты көлемі, қазіргі кезде Халық Банкпен және ҚР Ұлттық Банкпен бірлесе жүргізіп жатқан кешенді тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша белгіленеді; (д) Капиталдандырудың көлемін есепке алумен (Халық Банктің алдын-ала кешенді тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша) Халық Банктің Рақышев мырзадан және Самұрық-Қазына қорынан сатып алатын Қазкоммерцбанк акцияларының әр акция пакетінің атаулы құны 1 теңге деп белгіленді; (е) ҚР Қаржы Министрлігі атынан Үкімет және ҚР Ұлттық Банк Мәміленің сәтті аяқталуын қамтамасыз ету үшін және қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қажетті қолдау көрсетеді. Келісімнің шарттарына сәйкес, Тараптар жақын арада Мәміле бойынша міндеттейтін қосымша құжаттарға қол қоюды жоспарлауда. Бұл туралы ресми түрде хабарланатын болады. Қазіргі кезде Қазкоммерцбанк өз клиенттері, кредиторлары, акционерлері алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындауда және өз жұмысын бұрынғы тәртіп бойынша атқаруда. Байланысу үшін: Алма Бұйрақұлова, Вадим Ядрихинский, Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлім тел.:+7 (727) 2 585-125, E-mail: investor_relations@qazkom.kz Лариса Коковинец, Корпоративтік коммуникациялар қызметі тел.: +7 (727) 2 585-456, 2 585-392, E-mail: pr@qazkom.kz цитата соңы Баспасөз хабарламасымен KASE интернет-сайтында келесі мекен-жайларда танысуға болады: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_020617_rus.pdf - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_020617_eng.pdf [2017-06-02]