"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ" АҚ "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ АЯСЫНДА АРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЖАСАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

02.06.17 19:39
/KASE, 02.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2017 жылғы 2 маусымында ҚР Үкіметі (ҚР Қаржы министрлігі арқылы), ҚР Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ("Самұрық-Қазына"), "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ("Халық Банкі"), "БТА Банкі" АҚ ("БТА Банкі"), "Казкоммерцбанк" АҚ ("Казкоммерцбанк") және оның ірі акционері К.Х. Рақышев мырзаның арасында Шектелмелі Келісімге қол қойылды (бұдан әрі – "Келісім"). Бұрын хабарлағанымыздай, Халық Банкі Рақышев мырзадан және жеке Самұрық-Қазына қорынан Казкоммерцбанк акцияларының бақылау пакетін сатып алу жөнінде келіссөздер (бұдан әрі - "Мәміле") жүргізе бастады. ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық Банкі өз тарапынан әлеуетті Мәмілені қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдауға себептесу әрекеті ретінде қарап, Мәмілеге қолдау көрсетуге ниетті. Бұдан бұрын 2017 ж. 2 наурызында тараптар міндеттейтін күші жоқ Өзара түсіністік туралы меморандумға ("Меморандум") қол қойды. Осы Келісім Меморандумға сәйкес жасалды және Мәмілені іске асыру аясында тараптардың әрқайсысы орындайтын әрекеттерді заңдық міндеттеу негізінде бекітеді. Атап айтқанда, Келісім: (а) қаржы секторын жалпы жақсарту және тұрақтандыру мақсатында Проблемалық кредиттер қоры жекелеген активтерді және БТА Банкінен талап ету құқықтарды өтеуін төлеп алуды; (б) БТА Банкі Казкоммерцбанкі алдындағы несиелік берешегін өтеуін; (в) бірқатар алдын ала талаптары орындалған жағдайда, Халық Банкі Казкоммерцбанктің Рақышев мырзаға және Самұрық- Қазына қорына тиесілі акцияларын ("Сатып алынатын акциялар") Казкоммерцбанкі капиталы жеткіліктігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін кейінінен Казкоммерцбанкті Халық Банкі тарапынан ықтимал қосымша капиталдандыруымен қоса сатып алуды ("Қосымша капиталдандыру"); (г) Қосымша капиталдандырудың нақты мөлшері Халық Банкі және ҚР Ұлттық Банкі жүргізетін кешенді тексерудің нәтижелері бойынша анықталатын болады; (д) Қосымша капиталдандырудың (Халық Банкінің кешенді тексеруінің нәтижелері бойынша) мөлшерін ескере отырып, Сатып алынатын акциялардың сатып алу құны акциялардың әрбір пакеті үшін 1 теңге номиналды өлшемінде құрайды; (е) ҚР Қаржы министрлігі арқылы Үкімет және ҚР Ұлттық Банкі тарапынан қажетті қолдауды ұсынуды көздейді. Тараптар жуық арада Мәміле бойынша қосымша міндеттеу құжаттарға қол қоюды жоспарлар отыр, ол жөнінде қосымша хабарланады. Келісімге қол қою кезінде Халық Банкі миноритарлықтарын қоса алғанда, өз акционерлерінің, кредиторларының, депозиторлары мен клиенттерінің мүдделерін сақтау қажеттілігі негізіне сүйенді. "Қазақстан Халық банкі" АҚ PR-қызметі тел. +7 727 3 300 295, pr@halykbank.kz, www.halykbank.kz цитата соңы Баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_020617_kaz.pdf мекен- жайында жарияланған. [2017-06-02]