KASE, өтеуге дейін 900 және одан аса күн қалған, индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру үшін қажетті Базалық кезеңнің ұзақтылығын ұзартты

26.06.17 15:06
/KASE, 26.06.17/ – 2017 жылдың 26 маусымынан бастап Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) шешімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелмеген облигацияларының (бұдан әрі – МБҚ) екінші тобына жататындардың (өтеуге дейін 900 және одан аса күн қалған индекстелмеген МБҚ) нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, бағалау датасына дейінгі 2020 күнтізбелік күн барысында жасалған мәмілелердің параметрлері қолданылады. Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес, индекстелмеген МБҚ өтелуіне кірістілігі бойынша бағаланып, оның мәні әр бағалы қағаздың өтелуіне дейінгі мерзіміне қарай белгіленген қосалқы топтар шегінде анықталатынын еске саламыз. Бұл ретте, өтелуіне кірістілігінің мәні өтеуге дейінгі қалған күндер санына байланысы полиноминалды трендтің бір теңдеуімен дәлірек сипатталатын, бағалы қағаздар бір топқа енгізіледі. Әр топ үшін полиноминалды трендтің теңдеуі, осы таптағы МБҚ-мен биржада бағалау датасының алдында белгілі уақыт аралығында (бұдан әрі және тақырыптамада – Базалық кезең) барысында жасалып, орындалған мәмілелердің параметрлерін жуықтату арқылы анықталады, оның ұзақтылығы Комитетпен орнатылады. Базалық кезеңнің ұзақтылығын Комитет мынадай шарттармен белгілейді: Базалық кезең кемінде 40 күнтізбелік күн және 360 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, оның ұзақтылығы күнмен көрсетіліп, 20-еселік болуы тиіс, кезең, осы қосалқы топқа кіретін, МБҚ үшін 25 нәтижелі күнді қамтуы тиіс. 2017 жылдың 26 маусымына дейін екінші топтағы индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, бағалау датасына дейінгі 200 күнтізбелік күн барысында олармен жасалған мәмілелердің параметрлері қолданылған. Әдістеменің 20-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, нарықтың ағымдық конъюктурасына нарықтың баға мәнін жақындастыру мақсатында, бірінші қосалқы тобындағы МБҚ үшін Базалық кезең 20 күнге ұзартылып, 220 күнді құрайтын болады. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb_izm11.pdf мекен-жай бойынша қолжетімді. Әдістемеге және нарықтық бағаларды есептеу тәртібіне байланысты сұрақтар бойынша KASE Ақпарат және талдау департаментіне (727) 237 53 18 тел., e-mail: info@kase.kz арқылы хабарласуға болады. [2017-06-26]