"Казкоммерцбанк" АҚ "БТА Банк" АҚ қарызын өтегені туралы хабарлады

04.07.17 11:02
/KASE, 04.07.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2017 жылдың 03 шілдесінде баспасөз хабарламсын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі – "Банк") 2017 жылғы 3 шілдеде " БТА Банк" АҚ-ы Банкпен "БТА Банк" АҚ-на берілген займ бойынша 2,4 трлн теңге сомасында қарызды өтегені туралы хабарлайды. Банк алдындағы 64,8 млрд теңге көлеміндегі қалған қарыз қалыптастырылған провизия есебінен шығарылды. Сонымен 2017 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша мБТА Банк" АҚ-ның Банк алдындағы қарызы толығымен өтелді. " БТА Банк" АҚ-на ұсынылған займ Банк үшін жасалуында мүдделілігі бар ірі мәміле және Банкпен ерекше қатынас арқылы байланыс тұлғамен мәміле болып табылады. Байланыс үшін: Асель Мұқажанова, Қаржы институттары департаменті тел.:+7 (727) 2 585-125, E-mail: investor_relations@qazkom.kz Лариса Коковинец, Корпоративті байланыс қызметі тел.: +7 (727) 2 585-456, 2 585-392, E-mail: pr@qazkom.kz цитата соңы [2017-07-04]