"Estate Management Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
10.07.17 09:23
/KASE, 10.07.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Estate Management Company" АҚ ("Estate Management Company" АҚ, бұдан
әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің
2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1С60350010 жай акцияларының жалпы саны 1 200 000
000 дана, KZ1P60350116 артықшылықты акциялар саны – 100 000 000 дана;
- компанияның 30 000 000 жай акциялары және 3 001 000 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады, оның
меншігінде 33 000 000 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
100,00%) соның ішінде компанияның 30 000 000 жай акциясы (компанияның
орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 3 000 000
артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының
жалпы санынан 99,97%) бар.
[2017-07-10]