17 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында алты атаудағы акциялармен жасалатын мәмілелер Т+2 есептесу сызбасы бойынша жүзеге асырылады

14.07.17 11:35
/KASE, 17.07.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2017 жылдың 04 шілдесінен бастап Биржа солармен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыратын, қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне келесі бағалы қағаздар енгізілді: - KZ1C60260011 (KZ1C00001288, KASE альтернативтік сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, AKZM) жай акциялары "Ақтөбе металлды конструкциялар зауыты" АҚ; - KZ1P00400112 (KZ0005416453, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KKGBp) артықшылықты акциялары "Казкоммерцбанк" АҚ; - KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары "Қазақтелеком" АҚ; - RU0007661625 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары "Газпром" КАҚ; - RU0008943394 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_RTKM) жай акциялары "Ростелеком" АҚ; - RU0009062285 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_AFLT) жай акциялар "Аэрофлот - российские авиалинии" КАҚ. KASE Басқармасының осы шешімімен 2017 жылдың 17 шілдесінен бастап аталмыш акциялармен жасалатын мәмілелер Т+2 сызбасы бойынша клиринг қызметін көрсетумен жүзеге асырылады. Қаржы құралдарын Биржа солармен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыратын, қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен-жайында жарияланған. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_rules.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-07-17]