KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 326,34 (+1,36), CNYKZT_TOD = 48,3100 (+0,2467)

24.07.17 12:00
/KASE, 24.07.2017/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен (USDKZT_TOD и USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 22 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 326,34 (+1,36 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 59 800 мың USD (-59 0200 мың USD) құрады. Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ. Есептесуі теңгемене және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ. Есептесуі Т+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 48,3100 (+0,2467 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 200 мың юынь болды. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2017-07-24]