KASE 2017 жылдың 28 тамызынан бастап "Сбербанк России" еншілес Банкі" АҚ KZP01Y07C178 (KZ2C00000438, TXBNb4) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

28.08.17 11:52
/KASE, 28.08.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2017 жылдың 28 тамызынан бастап бастап "Сбербанк России" еншілес Банкі" АҚ (Алматы) KZP01Y07C178 (KZ2C00000438, KASE р негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, TXBNb4; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 26.08.10 – 26.08.17; жылдық 9,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2017 жылдың 28 тамызынан бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007550 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2017 жылдың 28 тамызынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 34 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2017-08-28]