"Казкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KKGB) 1 296 921 116 жай акцияларын артықшылықты сатып алу құқығы бойынша орналастыруды аяқтағаны туралы хабарлады

13.09.17 10:12
/KASE, 13.09.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына "Банктің 1 296 921 11 дана жай акцияларын (ҰСН KZ1C00400016) (әрі қарай – акциялар) артықшылықты сатып алу құқығы бойынша орналастыруды аяқтағаны туралы хабарлады. Акцияларды орналастыру нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 185 031 735 619,72 теңгеге артты. Акциялар бір жай акцияға 142,67 теңгеден және бір жахандық депозитарлық жазылымға 285,34 теңгеден орналастырылды, базалық активтері Банктің жай акциялары болып табылады". Толық ақпарат KASE интернет-сайтында: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_120917_1.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_120917_en.pdf – ағылшын тілінде мекен-жайында хабарлады. [2017-09-13]