/ҚАЙТАЛАУ/ 14 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Энерго" АҚ KZP02Y05F570 (KZ2C00003994, SNRGb3) облигацияларына жазылым жүргізіледі

13.09.17 10:13
/KASE, 13.09.17, 11.09.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2017 жылдың 14 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде биржасында "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZP02Y05F570 (KZ2C00003994, (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SNRGb3; 1 000 теңге, 28,0 млрд теңге; 5 жыл, тоқсандық купон, жылдық 15,50 %; 30/360) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетіні туралы хабарлайды. Аталмыш акцияларға жазылым барысында сатушы ретінде "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (бұдан әрі – Сатушы) өкілденген. Орналастырылатын облигациялардың номиналдық көлемі – 27 999 000 000,0 тенге. Өтінімде теңгемен көрсетілген, облигациялардың "таза емес" бағасы көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдерде жазылым жүргізуге акциялардың максималды санына шектеулер белгіленбеген. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 14 қыркүйегінде жүргізіледі. Жазылым жүргізу кезінде бағалы қағаздардың коды – SNRGb3. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесінде жабық тәсілмен берілген тек қана шектеулі өтінімдер қабылданады. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 14 қыркүйегі; Сатушының биржаға қанағаттырылған өтінімдер тізілімін беру датасы – 2017 жылдың 14 қыркүйегі; есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2017 жылдың 14 қыркүйегі. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың сатып алушылары бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарий" АҚ 2017 жылдың 14 қырүкйегінде алматы уақытымен сағат 09:00-ге дейін шоттарында болуын қамтамасыз етуі тиіс. Жазылымға қатысуға өтінімдерді биржаға "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. 1) Жазылым өткізу шарттарына сәйкес, аталмыш акциялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпараттың тізіміне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлға болып табылатын инвестордың толық атауы кіреді: Бағалы қағаздарға жазылым өткізу ережелері KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/bonds/show/SNRGb3 мекен-жайында жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылу тәртібі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-09-13]