Ұлттық Банк "SAT & Company" АҚ KZP01Y09E287 (KZ2C00001832, SATCb2) облигацияларын 2017 жылдың 03 ақпанынан 02 тамызына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

13.09.17 17:35
/KASE, 13.09.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "SAT & Company" АҚ (Алматы) KZP01Y09E287 (KZ2C00001832, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SATCb2) "SAT & Company" АҚ облигацияларды 2017 жылдың 03 ақпанынан 02 тамызына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2017 жылдың 11 қыркүйегіндегі ескерту хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған хатқа сәйкес аталмыш облигацияларды орналастыру есептік кезеңде жүргізілген жоқ. 2017 жылдың 27 тамызындағы жағдай бойынша аталмыш 48 144 120 облигация орналастырылған жоқ. Аталмыш хат KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satc_placement_results_130917_SATCb2.pdf мекен-жайында орналастырылған. [2017-09-13]