"САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО" АҚ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ЖАЗЫЛЫМ АРҚЫЛЫ 28,0 МЛРД ТЕҢГЕ KZP02Y05F570 (KZ2C00003994, SNRGb3) 5-ЖЫЛДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ЖЫЛДЫҚ 12,5 % ОРНАЛАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ТАРТТЫ

14.09.17 18:38
/KASE, 14.09.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының "Жазылым" жүйесінде (KASE немесе биржа) "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZP02Y05F570 (KZ2C00003994, KASE сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SNRGb3; 1 000 теңге, 28,0 млрд теңге; 14.09.17 – 14.09.22; тоқсандық купон, жылдық 12,50 %; 30/360) облигацияларын жазылым арқылы алғашқы орналастыру жүргізді. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде "Казкоммерц Секьюритиз" ( "Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы, әрі қарай – Сатушы) қатысты. Өтінімдерді қабылдау жазылым аясында 2017 жылдың 14 қыркүйегінде алматы уақытымен сағат 10:00-нан 11:00-ге дейін жүргізілде. Ұсынылған облигациялардың номиналдық көлемі – 27 999 000 000,0 теңге. Өтінімдерде облигациялардың номиналдық құнынан және данамен көрсетілген облигациялар санының "таза емес" бағасы көрсетілді. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдерде жазылым өткізу шарттары белгіленбеген. KASE сауда-саттық жүйесіне өтінімдерді жинауды аяқтау кезінде барлық ұсынылған орналастыру көлеміне бір өтінім келіп түсті. Өтінім белсенді деп танылды. Берілген өтінімдердің таза бағасы бір облигацияға - 100,00 % (жылдық 12,5 %) құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша өтінім толық қанағаттандырылды. Сонымен, эмитент "таза" бағамен 27 999 000 облигацияны орналастырды, 100,0000 %, ол облигацияның кірістілігі өтеуге жылдық 12,5 % сәйкес келеді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі " АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес осы орналастыру бойынша барлық мәмілелер сауда-саттық қорытындысы бойынша есептесулер аяқталған сәтте орындалды, жазылым аяқталды. [2017-09-14]