KASE ЖӘНЕ BANK OF CHINА LIMITED ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

14.09.17 17:57
/KASE, 14.09.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) және Bank of Chinа limited, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғаны туралы хабарлайды. Іс-шараға Bank of China limited, "Қазақстандағы Қытай Банкі" АҚ Еншілес Банкі және KASE өкілдері қатысты. Меморандум Алматы қаласында 2017 жылдың 14 қыркүйегінде "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ұлттық валютасымен есептеулер: ағымдағы жағдайы, үрдістер мен перспективалар" атты халықаралық конференция аясында жүзеге асырылды. Қазақстан қор биржасы мен Bank of Chinа limited арасындағы ынтымақтастық Қытай және Қазақстан компаниялары арасында ұлттық валютамен есептесулерді пайдалану үшін аса маңызды болып табылады. Осы оқиғаға арналған баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/press/kz/14_09_2017_Memorandum_KASE_Bank_of_China_kaz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-09-14]