"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ PricewaterhouseCoopers ішкі аудит қызметінің ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және этика кодексіне сәйкестігін растағаны туралы хабарлады

20.09.17 17:29
/KASE, 20.09.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) биржаға төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) ішкі аудит қызметінің Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына (бұдан әрі – Халықаралық стандарттар) және Этика кодексіне сәйкестігін сәтті растаған Қазақстандағы алғашқы банк болды. 2017 жылдың шілдесінде жүргізілген сыртқы бағалаудың нәтижелері бойынша PricewaterhouseCoopers кеңесшілері Банктің ішкі аудитінің қызметі Халықаралық стандарттарға және Этика кодексіне толық сәйкес келетіні туралы тұжырым жасады. Сыртқы бағалаудың нәтижелері тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін арттыруға жүйелі және бірізді тәсілді қолдана отырып, қаржы институтының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне жағдай жасайтын Банктің ішкі аудит жүйесінің жоғары тиімділігін көрсетеді. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павловтың айтуынша, "Халық" тобының даму стратегиясын әзірлеу барысында Директорлар кеңесі ішкі аудиттің қызметінде Халықаралық стандарттарға жетуді - негізгі мақсат ретінде белгіледі, және де біз бүгін жүргізілген жұмысты жоғары бағалап отырмыз. Халық тобының басшылығы қаржы институтындағы ашықтыққа, транпаренттілікке және шешім қабылдау жүйесіне тікелей әсер ететін, дұрыс ұйымдастырылған корпоративтік басқаруға ерекше мән береді, ал ішкі аудиттің мықты жүйесі бұл жұмыстағы табыстың маңызды кепілі болып табылады. Біз Халық банкіндегі құрылған ішкі аудит жүйесіне тәуекелдері басқару, ішкі бақылауды күшейту және корпоративтік басқару деңгейін көтеру бойынша ұтымды және тиімді шараларды қамтамасыз ететін сенімді құрал ретінде сенімдіміз. Ішкі аудиттің тәсілдері мен әдістемелері Халық тобына түгел тарайды, сондай-ақ, атап айтқанда, топтың соңғы ірі сатып алуын ескере отырып, еншілес Казкоммерцбанкке де тарайтын болады". цитата соңы [2017-09-20]