/KASE, 21.09.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
сауда-саттық жүйесінде "Tengri Bank" АҚ (Алматы) KZP01Y03F279
(KZ2C00003705, KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты,
DNBNb3; 1 000 теңге; 10,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық
15,00 %; 30/360) облигацияларын сату бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
-----------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP01Y03F279
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге: 10 000,0
Айналыста болудың алғашқы күні: алғашқы аукцион
қорытындысы бойынша
анықталады
Айналыста болудың соңғы күні: алғашқы аукцион
қорытындысы бойынша
анықталады
Өтеудің басталу күні алғашқы аукцион
қорытындысы бойынша
анықталады
Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1 080 күн)
Купонды төлеу мерзімділігі алғашқы аукцион
қорытындысы бойынша
анықталады
Купонды төлеу кезеңділігі: жылына екі рет
Купон мөлшерлемесі (жылдық 15,00 %)
Купонды төлеу күні: алғашқы аукцион
қорытындысы бойынша
анықталады
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------ ----------------------
Сауда-саттық күні: 21.09.17
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 2 000,0
млн.теңге:
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Сатуға өтінім түрлері: шектелімді мен
нарықтық
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 12:00–14:00
Өтінімдерді растау уақыты: 12:00–14:30
Кесім уақыты: 15:30
Төлеу уақыты: 21.09.17
Төлем уақыты: 15:30 (Т+0) дейін
Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі кесімді бағаға тең;
өтінімдер Биржаның
қарама-қарсы
өтінімдерін қабылдау
уақыты бойынша
қанағаттандырылады
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі кесімді бағамен
Өтінімдерді кесу тәсілі бағасы кесімді бағамен
тең немесе одан жоғары
өтінімдер кесіледі
Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Tengri Capital MB" АҚ
(Алматы)
Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1
Сауда-саттық жүйесі тобы Bonds_ST1_M
-----------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселі болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген, облигациялардың саны мен
бір облигацияның теңгемен көрсетілген "таза емес" (жинақталған
сыйақысымен қоса) бағасына көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміленің көлемі,
http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайында
жарияланған, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған
мәмілелердің сомаларын есептеу Әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына
сәйкес есептеледі.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде
көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
мекен-жайы бойынша жарияланған.
[2017-09-21]