"SkyВridge Invest" АҚ "КазТрансГаз" АҚ халықаралық облигацияларын номиналы бойынша көлемі 750,0 млн орналастырғаны туралы хабарлады

21.09.17 11:14
/KASE, 21.09.17/ – "КазТрансГаз" АҚ (Астана) шығарылымға жоспарланып отырған еурооблигациялардың қазақстандық жетекші менеджері болып табылатын "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) баспасө хабарламасын ұсынды: цитата басы 2017 жылдың 19 қыркүйегінде "ҚазТрансГаз" АҚ АҚШ доларымен деноминацияланған және Ирландия қор биржасы ("ISE") мен Қазақстан қор биржасында ("KASE") екі мәрте листингілеуден өткен, жалпы атаулы көлемі $750 млн еурооблигацияларының алғашқы шығарылымын орналастырды. Осы жасалған мәміле "КазТрансГаз" АҚ қазақстандық және халықаралық борыштық каитал нарығында көптен күткен алғашқы мәмілесі болды. Инвесторлар осы орналастыруға үлкен қызығушылық туғызды, өтінімдердің жахандық кітабы ұсынымнан бірнеше есе артты; орналастырудың шарықтау шегінде өтінімдердің көлемі $3,4 млрд. жетті. Сондай-ақ, орналастыру Қазақстандағы инвесторлардың да қызығуышылығн тудырды, KASE жариялаған сауда-саттық аясында еурооблигацияларды сатып алуға $100 млн астам қаржыға өтінімдер берілді. Мәміле барасында кірістілігі бағыты (YTM) алғашқы жарияланған деңгейден 4,7% -дан 4,5-4,6% аралығында төмендеп, орналастыру үшін қортынды мөлшерлеме болды. Салыстыру ретінде ағымдағы жылдың наурыз айында "Газпром" БАҚ АҚШ долларымен деноминацияланған жалпы көлемі $750 млн 10 жылдық еурооблигацияларды кірістілік мөлшерлемесі 4,95% орналастырды, ол 55 bps (базистік нүктеге) "ҚазТрансГаз" АҚ алғашқы орналастыру бойынша мөлшерлемеден асады. Жалпы алғанда, "ҚазМұнайГаз" АҚ еншілес ұйымы ретінде "ҚазТрансГаз" АҚ өзінің еуроблигацияларын қисық нарықтық кірістілік нарығында орналастырды, ол халықаралық капитал нарығында жайлы жағдайда борыштық міндеттемелерді орналастыру үшін қолайлы уақытты таңдағанын атап өтуге болады. Аталмыш шығарылым 2017 жылы Қазақстандағы еурооблигацияларды екінші рет табысты орналастыру жағдайына жатады. Бұрын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ағымдағы жылдың сәуір айында табысты орналастыру жасағанын естеріңізге саламыз. Citigroup Global Markets Limited, ING Bank N.V., London Branch, VTB Capital plc - бірлескен менеджерлер мен бірлескен Букраннерлер ретінде, ал Қазақстан қор биржасында "SkyBridge Invest" АҚ қазақстандық жетекші менеджер ретінде қатысты. Компания орналастырудан түскен қаржыны бридж қаржыландыру және жалпы корпоративтік мақсаттарды өтеуге бағыттауды көздеп отыр. "ҚазТрансГаз" АҚ Қазақстан Республикасының отандық әрі шет елдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін қорғайтын газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистралдық газ құбыры мен газ бөлу желілері бойынша товарлы газды тасымалдау бойынша орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтаасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықта газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау орындарын салады және пайдаланады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және сыртқы және ішкі нарықта нарықта газ сатумен айналысады. цитата соңы [2017-09-21]