"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы етіп Д.С.Қарабаевты сайлағаны туралы хабарлады

21.09.17 14:49
/KASE, 21.09.17/ - Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі хабарламаны ұсынды: цитата басы "ҚазМұнайГаз" АҚ БӨ ("КМГ БӨ", "Компания") Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізіп, оның барысында Игорь Валерьевич Гончаровтың "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ-дан ("КМГ ҰК") қызметтен шығуына байланысты, оның орнына ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Дәурен Сапаралиұлы Қарабаев сайланды. Д.С. Қарабаев "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ атқарушы вице-президенті – қаржы директоры, 2017 жылдың мамыр айынан бастап ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Шешім өз күшіне жедел түрде енеді. цитата соңы [2017-09-21]