KASE 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZP01Y07D853 (KZ2C00002202, SKKZb22) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

25.09.17 11:07
/KASE, 25.09.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2017 жылдың 28 тамызынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) KZP01Y07C178 (KZ2C00000438, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb22; 1 теңге; 75,0 млрд теңге; 24.09.10 – 24.09.17; жылдық 5,89 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007684 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 33 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2017-09-25]