Ұлттық Банк "АТФБанк" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

25.09.17 15:41
/KASE, 25.09.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Астана, одан әрі-банк) акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген тіркелген өзгертулер мен толықтырулардың бұрынғысының орнына берілген, бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2017 жылдың 21 қыркүйегіндегі куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) банктің аталмыш акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік банктің жарияланған акцияларын шығарылымы саны ұлғаюына байланысты ауыстырылды; - компанияның жарияланған KZ1C35970017 жай акциялары саны - 4 526 583 490 дана; - банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3597 нөмірімен енгізілді; Компанияның акциялар шығарылымына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfbf9_izm_210917.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2017-09-25]