/ҚАЙТАЛАУ/ 02 ҚАЗАННАН БАСТАП, ОБЛИГАЦИЯЛАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИНДИКАТОРЛАРЫН ЖАРИЯЛАУҒА КӨШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ KASE KASE_B* СЕРИЯСЫ ИНДИКАТОРЛАРЫН ЕСЕПТЕУДІ ТОҚТАТАДЫ

29.09.17 09:33
/KASE, 29.09.17, 08.09.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2017 жылдың 25 шілдесіндегі шешімімен "Қор нарығының индикаторлар есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжаты (Әдістеме) жаңа редакцияда жарияланды, 2017 жылдың 02 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі. Әдістеменің жаңа редакциясы аталмыш ішкі құжат негізінде әзірленді және қор нарығының индикаорларының тізбесін және оларды есептеу тәртібін анықтайды. KASE Әдістемесінің жаңа редакциясына сәйкес, қазіргі есептелген KASE_B* сериясы индекстерінің орнына корпоративтік облигациялардың биржалық нарығының келесі жаңа индикаторларын есептейтін болады. Биржаның негізгі алаңы үшін (KASE_BM* сериясы): 1) KASE_BMC – "таза" баға индексі; 2) KASE_BMY – кірістілік индикаторы; KASE балама сауда-саттық алаңы үшін (KASE_BA* сериясы): 3) KASE_BAC - "таза" баға индексі; 1) KASE_BAY – кірістілік индикаторы. Жоғарыда айтылғанға байланысты келесі жағдайлар қарастырылған, корпоративтік облигациялар нарығы индикаторларын қалыптастыру әдістемесі өзгертілді: 1) KASE_BM* және KASE_BА* (төмендегіге қара) серияларының индикаторларының өкілеттік тізімін қалыптастыру үшін таңдау өлшемдері өзгертілді; 2) KASE_BM* серияларының өкілеттік тізімінде кем дегенде жеті атау облигациялары, ал KASE_BA* өкілеттік тізімінде кем дегенде төрт атау болу керек екендігі анықталды; 3) бір атау облигацияларының параметрлеріне KASE_BM* және KASE_BА* сериялары индикаторларының мәніне әсер етуді шектеу тетігі енгізілді; 4) KASE_BMC және KASE_BАC индекстерінің мәніне нарықтық емес факторлардың әсер етуін болдырмау үшін – бір атаулы облигация параметрлерінің әсерін шектеу мақсатында индекстердің өкілеттік тізімін өзгерту немесе индекстерді қайта түзету – түзету коэффициентін қолдану әдістемесі өзгертілді; 5) Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялардың таратымдылығының қолданыстағы деңгейінде аталмыш индекс нарық конъюнктурасын түсіну үшін маңызды ақпарат болмағандықтан, "таза емес" индексті есептеу тоқтатылды. KASE_BM* және KASE_BА* сериялары индикаторларының өкілеттік тізімін қалыптастыру үшін келесі таңдау өлшемдері анықталды: 1) Облигациялар теңгемен көрсетілуі тиіс және шет елдік валютаның теңгеге бағамы өзгеруі бойынша индекстелмеуі керек; 2) облигациялар "таза" бағамен индекстелуі тиіс және өтеуге облигациялар кірістілігі Биржаның ақпараттық жүйесімен автоматты түрде есептелуі тиіс; 3) облигацияларда маркет-мейкер болуы тиіс; 4) Биржа орналастырылған облигациялардың саны туралы мәліметтерді біліп отыруы тиіс; 5) облигациялардың эмитенті купондық сыйақы төлемі бойынша реттелмеген қарызы және/немесе олар шығарған облигациялар бойынша негізгі қарызы болмауы тиіс. Сонымен қатар, Әдістеме мәтініне редакциялық түзетулер мен анықтаулар енгізілді, сондай-ақ бұрын енгізілген өзгертулер мен толықтырулар қорытыланды. KASE_BM* және KASE_BА* серияларының индикаторлары 2017 жылдың 01 қыркүйегінен бастап есептеледі. KASE_BMC және KASE_BAC индекстерінің бастапқы мәні осы күнге 100-ге қабылданды. Жаңа индикаторлардың мәнін жариялауды Биржа 2017 жылдың 02 қазанынан бастап жүзеге асырады. Осы күннен бастап, KASE_B* сериясы индикаторлар жариялау тоқтатылады. Әдістемені жаңа редакцияда күшіне енген күннен бастап, қолданыстағы әдістеме күшін жоған деп танылады. Жаңа редакциядағы әдістеме KASE интернет-сайтында 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жарияланады. [2017-09-29]