KASE KASE_BM* ЖӘНЕ KASE_BA*СЕРИЯСЫ ИНДЕКСТЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМН АНЫҚТАДЫ

15.09.17 18:18
/KASE, 15.09.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2017 жылдың 04 қыркүйегіндегі қор нарығының индикаторларын есептеудің жаңа редакциядағы Әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес қор нарығының келесі индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімін қалыптастырды: 1) Биржаның негізгі алаңы индикаторы (KASE_BM* сериясы) KASE_BMC – "таза" баға индексі және KASE_BMY – кірістілік индикаторы; 1) KASE балама сауда-саттық алаңы үшін (KASE_BA* сериясы) - KASE_BAC - "таза" баға индексі және KASE_BAY – кірістілік индикаторы. Әдістеме KASE Басқармасының 2017 жылдың 25 шілдесіндегі шешімімен бекітілген және 2017 жылдың 02 қазанынан бастап күшіне енгізіледі. KASE_BM* және KASE_BА* сериясы индикаторлары 2017 жылдың 04 қыркүйегінген бастап есептеледі. Сонымен қатар, KASE_BMC және KASE_BАC индекстері 2017 жылдың 01 қыркүйегінен бстап 100-деп қабылданады. KASE_BM* және KASE_BА* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімін қалыптастыру үшін Әдістемемен келесі таңдау өлшемдері анықталды: 1) Облигациялар теңгемен көрсетілуі тиіс және шет елдік валютаның теңгеге бағамы өзгеруі бойынша индекстелмеуі керек; 2) облигациялар "таза" бағамен индекстелуі тиіс және өтеуге облигациялар кірістілігі Биржаның ақпараттық жүйесімен автоматты түрде есептелуі тиіс; 3) облигацияларда маркет-мейкер болуы тиіс; 4) Биржа орналастырылған облигациялардың саны туралы мәліметтерді біліп отыруы тиіс; 5) облигациялардың эмитенті купондық сыйақы төлемі бойынша реттелмеген қарызы және/немесе олар шығарған облигациялар бойынша негізгі қарызы болмауы тиіс. Ақпарат және статистика департаментінің Индекстер бөлімінің көрсетілген өлшемдері негізінде 2017 жылдың 01 қыркүйегіндегі жағдай бойынша индикаторлардың келесі өкілетік тізімдері қалыптастырылды. [2017-09-15]