02 ҚАЗАННАН БАСТАП, KASE КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИНДИКАТОРЛАРЫН ЖАРИЯЛАУДЫ БАСТАЙДЫ

29.09.17 17:58
/KASE, 29.09.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2017 жылдың 25 шілдесіндегі шешімімен "Қор нарығының индикаторлар есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжаты (Әдістеме) жаңа редакцияда жарияланды, 2017 жылдың 02 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі. KASE Әдістемесіне сәйкес 2017 жылдың 04 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша өкілеттік тізімін қалыптастырды және қор нарығының келесі индикаторларын есептеуге кірісті: 1) Биржаның негізгі алаңы индикаторы (KASE_BM* сериясы) KASE_BMC – "таза" баға индексі және KASE_BMY – кірістілік индикаторы; 1) KASE балама сауда-саттық алаңы үшін (KASE_BA* сериясы) - KASE_BAC - "таза" баға индексі және KASE_BAY – кірістілік индикаторы. Жаңа индикаторлардың мәнін өзінің сайтында жариялауды Биржа 2017 жылдың 02 қазанынан бастап жүзеге асырады. Ақпараттың толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1349465 мекен-жайында танысуға болады. [2017-09-29]