02 ҚАЗАННАН БАСТАП, KASE КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИНДИКАТОРЛАРЫН ЖАРИЯЛАУДЫ БАСТАДЫ

02.10.17 17:59
/KASE, 02.10.17/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2017 жылдың 02 қазаннан бастап өзінің интернет-сайтында корпоративтік облигациялар нарығы индикаторларының жаңа мәнін жариялауды бастады: 1) Биржаның негізгі алаңы индикаторы (KASE_BM* сериясы) KASE_BMC – "таза" баға индексі және KASE_BMY – кірістілік индикаторы; 2) KASE балама сауда-саттық алаңы үшін (KASE_BA* сериясы) - KASE_BAC - "таза" баға индексі және KASE_BAY – кірістілік индикаторы. Корпоративтік облигациялар нарығы индикаторларының ағымдық мәні және аталмыш индикаторларды есептеу үшін өкілеттік тізімі KASE интернет- сайтында мәзір арқылы [Индикаторлар] – [Корпоративтік облигациялар нарығы] немесе http://www.kase.kz/ru/index_bonds мекен-жайында жарияланған. Сонымен қатар, парақшаларда алдыңғы күнгі индикатор мәндері мен 2017 жылдың 04 қыркүйегінен бастап, мұрағат мәліметтеріне рұқсат ету құралдары кіреді. [2017-10-03]