"Химфарм" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.10.17 12:24
/KASE, 12.10.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Химфарм" АҚ (Шымкент, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C20620015 жай акцияларының жалпы саны 10 025 004 дана, KZ1P20620418 артықшылықты акциялар саны – 131 945 дана; - компанияның 8 620 140 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 504 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға CENTRAL ASIA PHARMA HOLDING B.V. (Делфт, Нидерландылар Корольдігі) болып табылады, оның меншігінде 8 650 332 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 98,84%) соның ішінде компанияның 8 555 917 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,26%) және 94 415 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 71,56%) бар. [2017-10-12]