"Central Asia Cement" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.10.17 11:41
/KASE, 13.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Central Asia Cement" АҚ ( Қарағанды обл., Ақтау пос., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C36600019 жай акцияларының жалпы саны 1 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға STEPPE CEMENT HOLDINGS B.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі) болып табылады. [2017-10-13]