"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Қарағанды облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы бойынша жобаны қаржыландырғаны туралы хабарлады

20.10.17 17:13
/KASE, 20.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендігі туралы хабарлады: цитата басы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) "Жәйрем тау-кен байыту комбинаты" АҚ ("Қазцинк" ЖШС құрылымында) Қарағанды облысы Жәйрем ауылында қуаттылығы жылына 5 млн тонна полиметалл кендерін қайта өңдейтін (бұдан әрі - Жоба) жаңа тау-кен байыту комбинатын (бұдан әрі - ТБК) салу үшін несие желісін ашты. Жобаның жалпы құны 424 млн АҚШ долларын құрайды. ҚДБ құны 352 млн АҚШ долларына бағаланатын тау-кен байыту комбинатының бірінші кезеңін салу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге ұлттық валютада 33 млрд теңге көлемінде қарыз ұсынады. Тиісті несиелік келісімге тараптар а. ж. 20 қазанында Астана қаласында қол қойды. Жоба ҚР 2015-2019 жылдарға арналған Индустирялдық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасы аясында қаржыландырылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_201017.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-10-20]