KASE 2017 жылдың 06 қарашасынан бастап "Central Asia Cement" АҚ KZP01Y05E319 (KZ2C00001840, CACMb2) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

06.11.17 16:23
/KASE, 06.11.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2017 жылдың 28 тамызынан бастап бастап "Central Asia Cement" АҚ (Теміртау) KZP01Y05E319 (KZ2C00001840, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, CACMb2; 1 000 тенге, 2,5 млрд тенге, 05.11.12 – 05.11.17; жылдық 10,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2017 жылдың 06 қарашасынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 51 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_ BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BМC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2017-11-06]