"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C0Y07D899 (KZ2C00000172, KMGZb4) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

09.11.17 10:06
/KASE, 09.11.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y07D899 (KZ2C00000172, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZb4; 1 000 тенге, 100,0 млрд тенге; 09.11.10 – 09.11.17; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2017 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2012 жылдың 09 қарашасындағы "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда-саттықтары 2010 жылдың 10 желтоқсаннан бастап ашылған. [2017-11-09]