"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің 2017 жылдың тоғыз айына арналған қызметінің қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

13.11.17 15:17
/KASE, 13.11.2017/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға төмендегі хабарламаны ұсынды: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ БӨ", "Компания") 2017 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған алғашқы тоғыз айдың қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілігін жариялады. 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында түсім 666 млрд. теңгені (2 059 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 29%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 24%-ға ұлғаюына, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесіне және 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты болды, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 6%-ға төмендеуімен ішінара өтелді. 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында таза пайда 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 76 млрд теңгемен (220 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 168 млрд теңгені (521 млн АҚШ доллары) құрады, ал операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымдары өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 108 млрд теңгемен (314 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 184 млрд теңгені (570 млн АҚШ доллары) құрады. EBITDA[2] 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 181 млрд теңгені (559 млн АҚШ доллары) құрады, ал 2016 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 123 млрд теңгені (359 млн АҚШ доллары) құраған болатын. 2017 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы[3] 2016 жылдың 31 желтоқсандағы 1 172 млрд теңгемен (3,5 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 1 360 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады. цитата басы Толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_131117_1.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_131117_en.pdf - ағылшын тілінде мекен-жайында жарияланған. [2017-11-13]