"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің US48667QAK13 (XS1134544151, KMGZe9) облигациялары бойынша алтыншы купонын төлегені туралы хабарлады

13.11.17 17:15
/KASE, 13.11.17/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2017 жылдың 07 қарашасында өзінің US48667QAK13 (XS1134544151, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, KMGZe9) облигациялары бойынша алтыншы купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 903 360 АҚШ долларын құрады. [2017-11-13]