"ҚазТрансОйл" АҚ Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтерінің тарифтері мен құны бекітілгені туралы хабарлады

15.11.17 11:25
/KASE, 15.11.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2017 жылғы 16 қыркүйектегі бас келісіммен Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына, оның ішінде "ҚазТрансОйл" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) магистральдық құбырларымен "Шағыр" мұнай құю пунктіне дейін жеткізу құпталды. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында: - http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_141117_1.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_141117_eng_1.pdf – ағылшын тілінде жарияланған. [2017-11-15]