Бүгін Қазақстан қор биржасында "Банк "Bank RBK" АҚ жай акцияларға айырбасталған, 15 жылдық облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

17.11.17 10:13
/KASE, 17.11.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 17 қарашасында сауда-саттық жүйесінде "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) (1 000 теіге; 244,0 млрд теңге; 15 жыл; купон жылдық 4,00 %; 30/360) субордиацияланған облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. -------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: жай акцияларға айырбасталатын, купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: кейінірек ұсынылады Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: 244 000,0 Айналыста болудың алғашқы күні: кейінірек анықталады Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 15 жыл (5 400 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 4,00 % Купонды төлеуді бастау датасы кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ----------------------------------- -------------------------- Сауда-саттық күні: 17.11.17 Номиналы бойынша жарияланған 244 000,0 көлемі, млн.теңге: Лот көлемі 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:30 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлеу күні мен уақыты: 17.11.17, 15:00 (Т+0) Өтінімдерді кесімдеу әдісі: кесімді баға бойынша, қарама-қайшы өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша қанағаттандырылады Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді немесе сатушы үшін ең ұтымды болып табылатын баға бойынша; өтінімдер Биржамен қарсылама өтінімдерді қабылдаған уақытпен қанағаттандырылады Сауда-саттық өткізудің бастамашысы: "ZIM Capital" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесінің секторы: – Сауда-саттық жүйесінің тобы: – -------------------------------------------------------------- Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген соң өткізіледі. Өтінімде баға ретінде, облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның купон мөлшерлемесі көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. [2017-11-17]