Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталары сауда-саттығының 2017 жылдың 21 қарашасынан 23 қарашасына дейінгі кезеңдегі регламенті

17.11.17 11:53
/KASE, 17.10.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: АҚШ-та 23 қараша (Рақымшылық күні) мерекесі болғандықтан, "Сауда-саттық және Растау жұмысының регламенті" атты KASE ішкі құжатына сәйкес, 2017 жылдың 21-23 қараша аралығындағы кезеңде KASE шетел валюталары сауда-саттығы кестесінде келесідей өзгерістер болады: - 21 қарашада Қазақстан қор биржасында USDKZT_SPT, EURUSD_SPT, CNYKZT_TOD, CNYKZT_TOM, USDKZT_0_002 қаржы құралдарының сауда-саттығы өткізілмейді; - 22 қарашада Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM, EURUSD_TOM, CNYKZT_TOD, USDKZT_0_001 қаржы құралдарының сауда-саттығы өткізілмейді; - 23 қарашада: - USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001, USDKZT_0_002 қаржы құралдарының сауда-саттығы өткізілмейді, - USDKZT_1_002 құралдарымен сауда-саттық өткізіледі; 24 қарашадан бастап KASE шетел валюталары нарығындағы сауда- саттықтар әдеттегі тәртіпте жүзеге асырылады. Сауда-саттық және Растау жұмысының регламентінің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайында қолжетімді. [2017-11-17]