"Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ KZ1C03300015 (KZ1C00000447, SHMO) облигациялары 2017 жылдың 20 шілдесінен бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды

19.07.17 17:23
/KASE, 19.07.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ (Шымкент, әрі қарай - Компания) KZ1C03300015 (KZ1C00000447, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "акциялар" санаты, SHMO) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2017 жылдың 20 шілдесінен бастап эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. KASE 2017 жылдың 12 шілдесіндегі қорытындысы бойынша KASE компаниядан келесі құжаттарды алғаны анықталды: - 2017 жылдың 05 шілдесіндегі аталмыш облигацияларды ерікті түрде делистингілеу туралы өтініші; - Компанияның Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 26 маусымындағы отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесі, онда аталмыш акцияларды делистингілеу туралы шешім қабылданған; - Компанияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізбесінің көшірмесі, оған сәйкес 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан да көп акцияларын құрайтын, жалғыз тұлғасы "ҚОР" мұнай компаниясы болып табылады. Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1 тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2006 жылдың 05 сәуірінде "В" санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" санатында тұрған. Олардың сауда-саттықтары 2007 жылдың 23 қазанынан бастап ашылған. [2017-11-19]