"Банк "Bank RBK" АҚ жай акцияларға айырбасталған, 15 жылдық облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 2017 жылдың 21 қарашасынан 22 қарашасына ауыстырылды

21.11.17 11:39
/KASE, 21.11.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) (KZ2C0Y15F657 (KZ2C00004125; KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb7; 1 000 теңге; 244,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 4,00 %; 30/360) субордиацияланған облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттық 2017 жылдың 20 қарашасынан 21 қарашасына ауыстырылғаны туралы хабарлайды. -------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: жай акцияларға айырбасталатын, купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2C0Y15F657 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: 244 000,0 Айналыста болудың алғашқы күні: кейінірек анықталады Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 15 жыл (5 400 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 4,00 % Купонды төлеуді бастау датасы кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ----------------------------------- -------------------------- Сауда-саттық күні: 21.11.17 Номиналы бойынша жарияланған 244 000,0 көлемі, млн.теңге: Лот көлемі 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:30 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлеу күні мен уақыты: 21.11.17, 15:00 (Т+0) Өтінімдерді кесімдеу әдісі: кесімді баға бойынша, қарама-қайшы өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша қанағаттандырылады Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді немесе сатушы үшін ең ұтымды болып табылатын баға бойынша; өтінімдер Биржамен қарсылама өтінімдерді қабылдаған уақытпен қанағаттандырылады Сауда-саттық өткізудің бастамашысы: "ZIM Capital" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесінің секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесінің тобы: Bonds_ST1_M -------------------------------------------------------------- Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген соң өткізіледі. Өтінімде баға ретінде, облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның купон мөлшерлемесі көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпаратпен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/INBNb7 мекен-жайында танысуға болады. [2017-11-21]