KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOD = 330,41, EURKZT_TOD = 388,30, RUBKZT_TOD = 5,5690, USDKZT_0_001 = +9,2065 % жылдық

21.11.17 16:11
KASE, 21.11.17/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_SPT, EURUSD_SPT және USDKZT_0_002 құралдарымен 23 қараша АҚШ-та мереке күні (Рақымшылық күні) болғандықтан сауда-саттық жүргізілген жоқ. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: - есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 330,41 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі –34 750 мың АҚШ долларын құрады; - есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір еуроға 388,30 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі –100 мың еуроны құрады; - есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; - есептесуі Т+0 және Т+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,5690 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 24 000 мың рубль болды; - есептесуі Т+1 теңгемен Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; - есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен қытай юанімен бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,29 теңгені (-0,71) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 130 950 мың (-8 050 мың USD) болды. Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +9,2065 %, сауда-саттық көлемі 492 700 мың USD; - EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. Сауда-саттыққа 24 банк қатысты. [2017-11-21]