KASE, индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру үшін қажетті Базалық кезеңнің ұзақтылығын өзгертті

11.12.17 10:04
/KASE, 11.12.17/ – 2017 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) шешімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелмеген облигацияларының (бұдан әрі – МБҚ) бірінші тобына жататындардың (өтеу мерзімі 2 520 күн) нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, бағалау датасына дейінгі 40 күнтізбелік күн барысында жасалған мәмілелердің параметрлері және екінші тобына жататындардың (өтеуге дейін 100 және одан аса күн қалған индекстелмеген МБҚ) нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, бағалау датасына дейінгі 60 күнтізбелік күн барысында жасалған мәмілелердің параметрлері қолданылады. Базалық кезеңнің ұзақтылығын Комитет мынадай шарттармен белгілейді: Базалық кезең кемінде 40 күнтізбелік күн және 360 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, оның ұзақтылығы күнмен көрсетіліп, 20-еселік болуы тиіс, кезең, осы қосалқы топқа кіретін, МБҚ үшін 25 нәтижелі күнді қамтуы тиіс. 2017 жылдың 11 желтоқсанында дейін екінші топтағы индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, бірінші топ үшін ұзақтығы 60 күнтізбелік күн, екінші топ үшін – 100 күнтізбелік күн қолданылған. Әдістеменің 20-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, нарықтың ағымдық конъюктурасына нарықтың баға мәнін жақындастыру мақсатында, бірінші қосалқы тобындағы МБҚ үшін Базалық кезең 20 күннен 80 күнге дейін ұзартылды. Екінші қосалқы тобындағы МБҚ үшін базалық кезеі 40 күнге дейін 60 күнтізбелік күнге қысқартылды. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb.pdf мекен-жай бойынша қолжетімді. Әдістемеге және нарықтық бағаларды есептеу тәртібіне байланысты сұрақтар бойынша KASE Ақпарат және талдау департаментіне (727) 237 53 18 тел., e-mail: info@kase.kz арқылы хабарласуға болады. [2017-12-11]