/ҚАЙТАЛАУ/ "Химфарм" АҚ KZ1C20620015 (KZ000A1CTME9, CHFM) жай және KZ1P20620418 (KZ1P00000236, CHFMp) артықшылықты акциялары 2017 жылдың 31 желтоқсанынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

29.12.17 11:29
/KASE, 29.12.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Химфарм" АҚ (Астана, әрі қарай - Компания) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2017 жылдың 31 желтоқсанынан бастап төмендегі акциялары KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы хабарлайды: - KZ1C20620015 (KZ000A1CTME9, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, CHFM) жай акциялары; - KZ1P20620418 (KZ1P00000236, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, CHFMp) артықшылықты акциялары. KASE 2017 жылдың 05 желтоқсанындағы қорытындысы бойынша KASE компаниядан келесі құжаттарды алғаны анықталды: - 2017 жылдың 23 қарашасындағы аталмыш облигацияларды 2017 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ерікті түрде делистингілеу туралы өтініші; - Компанияның Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 01 тамызындағы отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесі, онда аталмыш облигацияларды жою туралы шешім қабылданған; - Компанияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізбесінің көшірмесі, оған сәйкес 2017 жылдың 01 тамызындағы жағдай бойынша компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 98,84 % ие ірі акционері CENTRAL ASIA PHARMA HOLDING B.V. болып табылады. Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1 тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2003 жылдың 04 наурызынан бастап "В" санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санатында тұрған. Олардың сауда-саттықтары 2003 жылдың 04 наурызынан бастап ашылған. [2017-12-29]