"Қазақмыс" Сақтандыру компаниясы" АҚ KZ1C45790017 (KZ1C00001056, KMIC) облигациялары 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды

25.01.18 16:51
/KASE, 25.01.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазақмыс" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Қарағанды, әрі қарай - Компания) KZ1C45790017 (KZ1C00001056, KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, KMIC) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2017 жылдың 16 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. KASE 2018 жылдың 09 қаңтарындағы қорытындысы бойынша KASE компаниядан келесі құжаттарды алғаны анықталды: - 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы аталмыш облигацияларды ерікті түрде делистингілеу туралы өтініші; - Компанияның Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 26 желтоқсанындағы отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесі, онда аталмыш облигацияларды жою туралы шешім қабылданған; - Компанияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізбесінің көшірмесі, оған сәйкес 2017 жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша компания акционерлері бір заңды тұлға және сегіз жеке тұлға болып табылады Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1 тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2014 жылдың 02 қазанында үшінші санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" санатында тұрған. Олардың сауда-саттықтары 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап ашылған. [2018-01-25]