2018 жылдың 20 наурызынан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "СФК "Capital Group" ЖШС KZ2P0Y05F556 (KZ2P00003957, CPGRb1) облигациялар саны мен артықшылықты акцияларының ҰСН туралы ақпарат өзгертілді

26.03.18 12:06
/KASE, 26.03.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 20 наурызындағы шешімімен KASE сауда-саттық жүйесі мен мәліметтер базасында "СФК "Capital Group" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05F556 (KZ2P00003957; KASE балам сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, CPGRb1, 43 299,62 теңге, 4 329 962 000,00 теңге; 29.09.17 – 29.09.22; ай сайынғы купоны, жартыжылдық купон, жылдық 35,80 %; 30/360) облигациялары бойынша төмендегі ақпараттар өзгертілді: - артықшылықты акциялардың ұлттық сәйкестендіру номері (ҰСН) KZ2P0Y05F556 номерінен KZ2P0Y07F552 номеріне өзгертілді. - аталмыш облигациялардың айналым мерзімі бес жылдан жеті жылға өзгертілген; - айналымның басталу күні облигацияларды орналастыру бойынша сауда-саттық күні белгіленді; - сыйақы мөлшерлемесі өзгертілді және бірінші және екінші айналым жылдары жылдық – 38,80 % құрады, үшінші және төртінші айналым жылдары жылдық – 36,10 %, бесінші, алтыншы және жетінші айналым жылдары – жылдық 9,70 %. Аталмыш шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздардың мемлекеттік шығарылымын тіркеу туралы 2018 жылдың 28 ақпанындағы куәлігінің және аталмыш акциялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер негізінде қабылданды – http://kase.kz/files/emitters/CPGR/cpgrf9_CPGRb1_izm_280218.pdf [2018-03-26]