"РЕСПУБЛИКА" басқарушы компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
04.07.18 14:52
/KASE, 04.07.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "РЕСПУБЛИКА" басқарушы компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01
шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C55350017 жай акцияларының жалпы саны 9 000 000
дана;
- компанияның 4 155 000 жай акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 1 034 596 акциялары кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Р.Е. Исенов болып табылады, оның
меншігінде 3 120 404 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының
жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан
75,10%) бар.
[2018-07-04]