"РЕСПУБЛИКА" Басқарушы компаниясы" АҚ KZ1C55350017 (KZ1C00000272, REPF) облигациялары 2018 жылдың 26 шілдесінен бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
26.07.18 16:39
/KASE, 26.07.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "РЕСПУБЛИКА"
Басқарушы компаниясы" АҚ (Алматы, әрі қарай - компания)
облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты
2018 жылдың 26 шілдесінен бастап KZ1C55350017 (KZ1C00000272, KASE
балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, REPF) облигациялары
KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы хабарлайды:
KASE 2018 жылдың 09 шілдесіндегі қорытындысы бойынша KASE банктен
келесі құжаттарды алғаны анықталды:
- аталмыш облигацияларды ерікті түрде делистингілеу туралы 2018
жылдың 02 шілдесіндегі өтініші;
- 2018 жылдың 02 шілдесіндегі жағдай бойынша компания
акционерлерінің тізіліміне сәйкес компанияның жалғыз акционері
Р.Е.Исенов болып табылады.
Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік
ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1
тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді.
Аталмыш акциялар 2012 жылдың 07 маусымынан бастап KASE ресми
тізіміне үшінші санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 шілдесінен
бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар"
санатында тұрған. Олардың сауда-саттықтары 2012 жылдың 29 тамызынан
бастап ашылған.
[2018-07-26]