"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ 2018 жылдың бірінші жартыжылдығанда кәсіпкерлерді шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мемлекеттік бағдарламасы аясында 14,4 млрд теңгеге қаржыландырғаны туралы хабарлады

09.08.18 10:30
/KASE, 09.08.18/ – Обигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), 2018 жылдың 09 тамызында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Сбербанк» АҚ ЕБ шағын және орта бизнесті қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді 14,4 млрд. теңгеге қаржыландырды, осылайша өткен жылғы осы көрсеткіш 1,7 есеге артты. Жыл басынан бері Банк үш жүзге жуық кәсіпкерге несие ұсынды. Ең белсенді қаржыландырылған – өңдеуші өнеркәсіп, сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, транспорт және байланыс салалары. Сбербанк түрлі даму интституттары («Даму» КДҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» (ҚДБ) АҚ және т.б.) ат салысатын мемлекеттік бағдарламалардың көпшілігінің белсенді қатысушысы болып табылады. Бірінші жартыжылдықта Сбербанк кәсіпкерлікке қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламалардың көптеген бағыттары бойынша көш бастады: «Бизнестің жол картасы 2020», Өңдеуші өнеркәсіптегі субъектілерді қаржыландыру бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы және т.б. Атап айтқанда, Ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша ҚДБ «Карат» ЖШС-ін (диірменге арналған жабдық және «Даулет» майдалап кесілген макарон өнімдерін шығаруға арналған, өнімділігі 1000 кг/сағ болатын автоматтандырылған желі сатып алуға) және «Шымкентмай» АҚ-ын («Доня» өсімдік майын рафинациялау цехінің құрылысына және жабдық сатып алуға) қаржыландырды. «Сбербанк мемлекеттік қолдау бағдарламаларының зор мүмкіндіктерін пайдаланып, жеке кәсіпкерліктің орнын нығайтуға мүдделі, - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов, - Әртүрлі салаларды қаржыландыру арқылы біз ШОБ дамытуға салған инвестициялардың нәтижелерін көрнекі түрде бағалай аламыз, олар дайын өнім шығару, қызметтер аясын кеңейту бойынша нақты жобаларға айналуда. Нәтижесінде аталған шаралар аймақтар экономикасын нығайтуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, еңбек өнімділігін көтеруге оң әсерін тигізіп, халықтың әл-ауқатын арттыруда». цитата соңы [2018-08-09]