Биржалық симулятор: соңғы сауда-саттық көлемі 2 332,3 млн млн теңгеге жетті

02.11.18 12:08
/KASE, 02.11.18/ – Бұрын хабарланғандай, 2018 жылдың 17 қыркүйегінен 17 қазанына дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде. Байқаудың қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 2 332,3 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 89,7 млн теңгеден асты. Төмендегі кестеде 2018 жылдың 17қыркүйегі және 17 қыркүйегі аралығында жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген: --------------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге коды саны ------------ --------- ----------------- GB_KZMS 1 938 581,2 BAST 1 573 358,4 US_BAC_ 1 315 292,9 KZTO 754 254,8 RU_SBER 783 212,4 KZTK 2 210 150,6 HSBK 573 149,5 KCEL 2 381 103,9 KEGC 869 103,2 CCBN 714 83,8 RDGZp 316 41,6 ------------ --------- ----------------- Барлығы 13 426 2 332,3 ---------------------------------------- Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 662 және 393,4 млн теңге. Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 35-тен астам оқу орындарының 1 290 студенті тіркелді. Конкурстың қорытындысы бойынша қаржы ұйымдарының қолдауымен 23 студент (алдыңғы жылдары 12 жүлделі орын болған) марапатталды. Биылғы жылы алғаш рет конкурс қорытындысы бойынша үлкен инвестициялық қоржын жинаған студенттерге "Фридом финанс", "Сентрас Секьюритиз", "CAIFC" АҚ, "ВТБ Казахстан" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Capital Bank Kazakhstan" АҚ, "СК "Лондон-Алматы" АҚ, "Tengri Bank" АҚ, "BCC Invest" АҚ және "Цесна Капитал" АҚ сияқты қаржы ұйымдарына ақы төленетін тәжірибеден өтуге сертификаттар берілді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі, осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді. Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер байқаудың жеңімпазы атанады Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі. [2018-11-02]