"Қазақстан Даму Банкі" АҚ "Керек адам" әлеуметтік-білім беру жобасы іске қосылғаны туралы хабарлады

08.11.18 12:35
/KASE, 08.11.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) Биржаға 2018 жылдың 07 қарашасында жолдаған баспасөз мәлімдемесін жарияланды: ... «Қазақстан даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Қазақстанда инженерлік-техникалық құзыреттерді танымал етуге және дамытуға бағытталған «Керек адам» әлеуметтік-білім беру жобасының (бұдан әрі – Жоба) іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба «Taiburyl» қоғамдық бірлестігімен (бұдан әрі – Бірлестік, «Taiburyl» ҚБ) бірлесіп іске асырылады, оған Банк 9 млн теңге сомасында грант бөледі. Жоба шеңберінде Қазақстанның арнайы орта және жоғары оқу орындарының инженерлік-техникалық мамандықтары бойынша оқып жатқан 3-4 курстарының 30 студенті және оқып бітірген түлегі (2015-2018 жылдардың түлектері) елдің аса ірі кәсіпорындарында, соның ішінде Банк қаржыландырылғандарында, ағымдағы жылғы қараша – 2019 жылғы сәуір аралығындағы кезеңде ақысы төленетін тағлымдамадан өтеді. ... Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_071118_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-08]